19 қазанда атыраулық табиғат пайдаланушылармен болған мәжілісте Данияр Еренчинов өзінің D аралына барған сапары туралы және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық заңнамаларды күшейту жөніндегі жоспарларын әңгімеледі.
– Мен D аралында болып, компанияның (NCOC) табиғат қорғау заңнамаларына біздің тарапымыздан қабылданған өзгерістердің келесі жылдан бастап күшіне енетіндігіне қарамастан, жаңа ережелерді (өндірістік мониторинг бойынша) жүргізу бойынша, тіпті, жоспарларының жоқ екендігін көріп, таң қалдым.
Еренчинов табиғат қойнауын пайдаланушылардың табиғат қорғау шараларына орасан салымдар салып отырғандығына қарамастан, жалпы жағдайдың өзгермей отырғандығын, керісінше, жыл сайын нашарлап бара жатқандығын атап өтті. Өйткені, бірінші кезекте табиғат қорғау тізіміне, айталық, мұнай тербелмесінің штоктарын, құбырларды ауыстыру секілді не болса сол енгізіледі, яғни, іс жүзінде әңгіме тек жоспарлы алдын-ала жөндеу жұмыстары туралы болады.
- Сондықтан да біз табиғат қорғау шараларының тізбесін қысқарту бойынша өзгерістер енгіземіз. Онда табиғат қорғау шараларының немесе жоспарлы жөндеу мен қайта жарақтандырудың не екендігі нақты жазылатын болады, - деп мәлімдеді Еренчинов.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, сондай-ақ, прокура-тураның ұзақ мерзімді келісімінсіз 1-ші санатты нысандар үшін жоспардан тыс тексерулерді енгізу жөніндегі мәселені де қарастырады. Онда 2, 3, 4 санатты кәсіпорындар, сондай-ақ, шағын және орта бизнес нысандары болашақта жоспарлы тәртіп бойынша тексеріледі.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА