Полиция қызметкерлері Алматы облысының ірі криминалдық авторитетін ұстады, деп хабарлайды аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Алматы облысының солтүстігі бойынша «қараушы» деп аталатын криминалдық авторитет болып табылатын 54 жастағы ер кісіні ұстауға себеп оны тексеру кезінде табылған РГД-5 гранаты мен шамамен үш граммдай героин болды», - деп хабарлады облыстық полицияда.
Бұрын бірнеше рет сотты болған күдікті Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде ұсталды.
Дереккөз: newskaz.kz