АҚШ пен оның одақтастары аймақтағы жағдайды бақылауда. БҰҰ Пхеньян өзінің қару-жарақ бағдарламаларын жетілдіруге кибершабуылдардың көмегімен 2 миллиард доллар көлемінде табыс тапқанын мәлімдеп әрі айыптайтынын білдірді.
Шығыс теңізге қарай ұшырылған екі зымыран туралы репортаж көріп отырған азматтар. Сеул, Оңтүстік Корея. 2019 жыл 6 тамыз. Фото: REUTERS / Kim Hong-Ji БАҚ-та Солтүстік Корея белгісіз үлгідегі екі зымыранды іске қосқаны туралы хабар тарағаннан соң Құрама Штаттар жағдайды жіті бақылауға алған.
Әрі одақтастарымен – Оңтүстік Корея және Жапониямен тығыз кеңес өткізеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне АҚШ әкімшілігінің өкілі хабарлады. Бұған дейін дүйсенбі күні кешке Yonhap ақпараттық агенттігі Солтүстік Корея шығыс бағытта Хванхэ-Намдо провинциясынан екі зымыранды теңізге шығарғанын жариялаған болатын. Аталмыш агенттік өз хабарламасында дереккөз ретінде Оңтүстік Кореядағы Біріккен комитеттің штаб басшысының дәйексөзін келтіреді. Пхеньян зымыранына Жапония да түсінік берді.
Елдің Қорғаныс министрлігі әзірге күншығыс (Жапония) аумағына қауіп төндірмейтінін мәлімдеген. voanews.com ақпарат порталының дерегіне қарағанда, Жапония әскери ведомствосының хабарламасында Жапония үстінен қандай да бір баллистикалық зымырандар ұшып өткенін растай алмайтыны айтылған. БҰҰ-ның ресми туы. Фото: kod.ru Reuters агенттігінің дүйсенбілік хабарламасына сәйкес, БҰҰ-ның құпиялық баяндамасында Солтүстік Корея банктер мен криптовалюта биржаларына «ауқымды және жоғарытехнологиялық» кибершабуыл жасау арқылы жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасына шамамен 2 миллиард доллар табыс тапқан.
Баяндаманы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Корея бойынша санкциялық комитеті үшін жарты жыл бойы бақылаған тәуелсіз сарапшылар дайындаған. Сарапшылардың айтуынша, Солтүстік Корея «қаржы институттары мен криптовалюта биржаларының қаражатын жымқыру мақсатында барынша жоғары технологиялық шабуылдарды жасауға киберкеңістікті қолданған». Соңғы мәліметтерге қарағанда, екі апта ішінде КХДР тарапынан төртінші рет зымыран ұшырылған.
Дереккөз: “The Qazaq Times”