Атырау, 30 желтоқсан 17:31
 бұлттыВ Атырау -4
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

Қаламқас кен орнындағы өрттен болған шығын - 98 миллион теңге

1 808 рет қаралды


Қаламқас кен орнындағы өрттің шығыны 98,7 миллион теңгеге бағаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық экология департаменті Қаламқас кен орнының ұңғымасында болған өртке қатысты тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесі бойынша, өрттен келген шығын 98,7 миллион теңгеге бағаланды.  "Облыстық экология департаменті "СиБу" ИБК" ЖШС-ны 2019 жылдың сәуірі мен маусымы арасында қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру бойынша шара өткізуге міндеттеді. Энергетика министрлігі "СиБу" ИБК" ЖШС-дан ұңғыма қазу лицензиясын қайтарып алу мәселесін қарастырып жатыр", - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.  Қаламқас кен орнындағы өртке байланысты Маңыстау облыстық экология департаменті төрт әкімшілік іс қозғаған. Салынған айыппұлдар 1 558 967 теңге болды.

Дереккөз: tengrinews.kz


12 сәуір 2019, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.