Фото дереккөзі: lada.kz
АҚТӨБЕ. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін мамандандырылған ауданаралық сотта алқа билердің қатысуымен Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің ісі бойынша шешім шығарылды.
Істі қараған сот бұрынғы әкімді мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режімдегі түрмеде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.Белгілі болғандай, Орақ Сарбөпеев ірі көлемдегі параны алғаны үшін айыпталды, ал Жаңаөзенде істі қараған алқа билер оны ақтап шығарған болатын, содан кейін прокуратура органдарының қысымымен істі қарау Ақтөбе қаласына ауыстырылды.