Атырау, 12 қаңтар 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Маңғыстау дәрігерлері сотталған адамның асқазанынан скальпель тапты

Бейнежазба
1 546 рет қаралды


Маңғыстау облысында дәрігерлер абақтыға қамалған адамның асқазанынан скальпель алып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

3 сәуірде колонияда жатқан ер адам ішінің ауырғанын айтып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.  Пациентке рентгенография жасағаннан кейін хирургтар ер адамның асқазанынан бөгде зат тапқан. Сондықтан тұтқындағы адам эндоскопия және функциялық диагностика бөліміне жіберілді.  "Дәрігерлер денеден бөгде затты алып шықты - пациенттің он екі елі ішегінен скальпель табылды, ол отасыз алынды. Дәрігерлердің айтуынша, скальпельдің екі ұшты жағы скотчпен оралған, ал ол кейін ашыла бастаған. Хирургтар уақытында араласпаса, оқиға өліммен аяқталуы мүмкін еді", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 


Дереккөз: tengrinews.kz

5 сәуір 2019, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.