Атырау, 28 қараша 10:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түркия: АҚШ СІМ басшыларының кездесуі туралы жалған мәлімет берді

1 357 просмотра


Түркия Сыртқы істер министрлігінің өкілі жазбаша мәлімдеме жасап, АҚШ тарабын екі елдің сыртқы саяси ведомство өкілдері арасындағы кездесу туралы жалған мәлімет таратты деп айыптады. 

Түркия СІМ өкілі Хами Аксой жасаған жазбаша мәлімдемеде, Түркия сыртқы істер министрі Мавлүт Шавушоғлу мен АҚШ мемлекеттік хатшысы арасында болған кездесу турасында АҚШ тарабы жалған мәлімдеме жасағанын айтты. Оның айтуынша АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметі кездесу өтуден бұрын жазылған. НАТО ұйымының 70 жасына орай бас қосу кезінде АҚШ пен Түркияның СІМ өкілдері кездесіп, екі ел арасындағы бірқатар тақырыптарға тоқталған болатын. Алайда, түрік елін кездесудегі сөйлесулер емес, одан кейінгі ресми мәлімдеме ашуландырған. Аксой сөзінде: «Бұндай мәлімдеме осыдан бұрынғы кездесуде де болған еді. Ресми мәлімдеме арнайы дайындалуы керек. Бұл да болса бізге одақтас ретінде жасалған мәміле ретінде қабылданады», – деген.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

5 сәуір 2019, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.