Атырау, 28 қараша 10:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Британияда Brexit-ті жою туралы петиция жарияланды

1 071 просмотра


Ұлыбританияда Brexit-ті жою туралы петиция жарияланды. «Financial times» мәліметінше, петицияға 31 наурызда 6 миллион қол жиналған. Осыған байланысты 1 сәуірде парламентте талқылау өтеді.

Brexit жоспары дау туғызғалы бері, 20 ақпаннан бастап Парламент петиция жариялаған. 18 наурызда ол үкіметтің реакциясы үшін қажетті 10 мың қол жиналса, 20 наурызға қарай олардың саны 100 мыңнан асты. 

Наразылық білдірген халық Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы шешімнің парламентте қайта қаралуын талап етті. Өткен аптада Еуроодақ құрамынан шығу туралы келісімге 286 депутат қолдау білдірсе, 344 депутат қарсы дауыс берген. Енді Біріккен Корольдіктің 12 сәуірде Еуропалық Одақтан жоспарсыз шығуы екіталай. 

Британия саясатындағы келеңсіз жайттарды ескере отырып, ЕО кеңесшісі Дональд Туск 10 сәуірде кезексіз саммит өткізетін болды. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

2 сәуір 2019, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.