Атырау, 25 желтоқсан 03:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Учаскелік дәрігерлер жалақысы кезең-кезеңмен өспек

1 905 рет қаралды


Қазақстанда учаскелік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында алғашқы медициналық көмек сапасын жақсарту туралы баяндаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру мақсатында министрлік Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Біріншіден, қолжетімділікті арттыру мақсатында алғашқы медициналық көмек дәрігерінің жүктемесін төмендету және 1 нысанға келетін учаскелер санын 20-дан 10-ға дейін азайту жоспарланып отыр», - деді министр. 

Екіншіден,  оның атап өтуінше, алғашқы медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын кеңейту және учаскелік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің төлемақысы 30 пайызға артады. 

«Үшіншіден, барлық алғашқы медицина ұйымдарында ақпараттық жүйе енгізіліп, азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары жасалады», - деді Е.Біртанов.

Дереккөз: inform.kz

2 сәуір 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.