Атырау, 22 желтоқсан 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қызылордадағы апат: марқұм сарбаздардың отбасына баспана беріледі

1 506 рет қаралды


Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Авиация генерал-майорының айтуынша, апаттан көз жұмған сарбаздардың отбасына заң аясында міндетті түрде көмек көрсетіледі.

"Қазақстан заңына сәйкес, апаттан көз жұмған әскери қызметшінің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл – сарбаздың 5 жылғы жалақысына тең. Сондай-ақ отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқығы бар. Сарбаздарды жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сонымен қатар отбасындағы адам басына байланысты баспана өтемақысы төленеді", - деді Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 27 наурызда кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 сәуір 2019, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.