Атырау, 28 қараша 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Гуайдо 15 жылға биліктен аластатылды

1 965 просмотра


Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Хуан Гуайдоға 15 жыл көлемінде басшылық лауазым атқаруға тыйым салынды – бұл заңмен қарастырылған ең жоғары мерзім.

Мұндай тыйым салудың себебі, Венесуэла бақылау басқармасының басшысы Элвис Аморосоның айтуынша, салық декларациясындағы саясат. Қаңтарда Ұлттық ассамблея бақылауындағы оппозицияны басқарған Гуайдо өзін уақытша үкіметтің басшысы деп жариялаған болатын. Гуайдоны АҚШ-пен қоса 50-ден астам ел қолдады. Енді оппозиционер Ұлттық Ассамблеяға қайта сайланатын болса, тыйым салу туралы шешім заңды күшіне енеді. Гуайдоның өзі бұл шешімге мойынсұнбайтындығын айтты. «Univision» телеарнасына сұхбат берген Гуайдо: «Мадуро биліктен кетіп, заңға бағынған жағдайда амнистия жариялауға дайынмын. Егер ол берілмейтін болса, елдегі жағдай тіптен қиындай түседі. Халық мемлекетті диктатордың басқаруына қарсы», – деді. 23 қаңтарда өзін уақытша үкімет президенті деп жариялаған Гуайдоны лигитимді мемлекет басшысы ретінде АҚШ, Канада, Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу елдері мойындады. Осыған дейін АҚШ «диктатор басқарушы» атанған Николас Мадуроға қарсы санкциялар жариялап, мемлекет басшысы авторитарлық диктатураға ұмтылудан бас тартпайынша, Американың экономикалық және дипломатиялық күштерін түгел Венесуэла халқының демократия орнату жолындағы күресіне көмекке арнайтынын хабарлаған болатын. Дональд Трамптың қажет болған жағдайда Венесуэлаға әскери интервенция жасайтыны туралы мәлімдемесінің салдарын жоюға ниеттенген Майк Пенс Латын Америкасы елдеріне сапары барысында Каракасқа экономикалық қысым арқылы да әсер етуге болатынын айтқан. Ал Қытай мен Ресей тарапы қазіргі басшы Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, билікке өзге мемлекеттердің араласуын «халықаралық құқықбұзушылық» деп атады.

Дерекккөз: qazaqtimes.com

 

29 наурыз 2019, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.