Атырау, 28 қараша 13:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

НАТО мен АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция енгізбек

2 332 просмотра


АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлағандай, Уашингтон НАТО-мен бірлесіп Ресейге жаңа санкциялар енгізеді. 

Оның айтуынша, санкциялар Ресейдің Украинадағы белсенділігіне қарсы бағытталады. «Келесі аптада бірге қабылданатын қатаң қаулылардың  жаңа сериясы жарияланады», – деді Помпео АҚШ өкілдері палатасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінде өткен кездесуде. Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы заң шығарушыларға Ақ үй ұсынған 2020 жылға арналған бюджетке қатысты АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясын таныстырды. АҚШ НАТО-дағы әріптестермен бірге Уашингтонда 3-4 сәуірде өтетін альянс елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының саммиті кезінде Ресейдің Украинадағы іс-әрекеттеріне қарсы салынатын санкцияны қабылдамақ. 

Помпеоның айтуынша, санкциялардың мақсаты Ресейдің Қырым мен Азов теңізіндегі «агрессорлық саясатына» және басқа мемлекеттердің президенттік сайлауына араласқаны үшін қолданылады. 15 наурызда АҚШ, Канада және Еуроодақ 2018 жылдың қарашасында болған Керш бұғазындағы оқиғадан кейін, сондай-ақ Қырым аннексиясының бесінші жылдығына байланысты Ресейге қарсы жаңа шектеулер енгізген болатын.

«Украинадағы ресейлік агрессияға» жауап ретінде Уашингтон санкциялық тізімге алты адамды қосты: олардың көпшілігі ФСБ Шекара қызметінің қызметкерлері. Тағы да сегіз компания бар. Ресей 2016 жылы АҚШ-тағы сайлауға араласты. Енді Украинада өтетін сайлауға араласуы мүмкін. Біздің тарап Украинадан көмекті аямаймыз. Жалпы украин халқына қорғаныс құралдарын ұсынып, барлау көмегін көрсетеміз», – деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы. 

Осыған дейін АҚШ-тың Ұлттық барлау директоры Дэн Коутс Украинадағы сайлауға Ресейдің не үшін және қалай араласуы мүмкін екендігін айтқан.

Дерекккөз: qazaqtimes.com

 

28 наурыз 2019, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.