Сот Аргентинаның экс-президенті Карлос Менемді қожалықты төмендетілген баға түрінде сатқаны үшін үш жыл тоғыз айға абақтыға қамады. Бұл туралы Nacion порталына сілтеме жасап РИА Новости мәлім етті.
88 жастағы Менемге мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды. Онымен бірге бұрынғы экономика министрі Доминго Кавальо да 3,5 жылға сотталды.
Менем 1991 жылы елдің жетекші ауыл шаруашылығы қауымдастығын төмендетілген бағамен сатып жіберген.
2013 жылы жазда Менем 1990 жылдары Хорватия мен Эквадорға қару контрабандасын жасағаны үшін жеті жылға сотталған еді, бірақ сенатор болғандықтан түрмеге қамалмаған. Бұл үкім 2018 жылы өз күшін жойды: Аргентина федерал соты Менемнен қару контрабандасы туралы айыпты алып тастады.
Экс-президенттің өзі заңсыз қару жеткізумен айналыспағанын айтты. Менем 1989-1999 жылдары Аргентина президенті болып қызмет атқарған.
Дереккөз: tengrinews.kz