Президент Трамп АҚШ-тың Мексикамен шекарасында дуал тұрғызуға әскер резервінен қаржы алу үшін елде 15 ақпанда төтенше жағдай жариялаған. Конгресс былтыр күзде Трамп ұсынған қабырға құрылысын қаржыландырудан бас тартқан.
Дуал құрылысы – Трамптың сайлауалды кампаниясы кезінде уәде еткен бастамаларының бірі. Былтыр жыл соңында конгрестің дуал құрылысына қаржы бөлуден бас тартуы АҚШ тарихындағы ең ұзақ – 35 күндік шатдаунға – үкімет жұмысының уақытша тоқтауына ұласқан.
Көптеген америкалық саясаткер, Республикалық партия өкілдері де федералдық бюджетті келісуден айналып өтіп, дуал құрылысын қаржыландырып жатқан Трамп "президент өкілеттігін тым кең деп түсінеді" деп мәлімдеген.
Дереккөз: Азаттық радиосы