Италияда әуе көлігі жұмысшыларының кәсіподағы ереуілге шықты. Салдарынан 100-ге жуық әуе рейсі кейінге қалды.
Наразылық акциясына елдің ең ірі әуе тасымалдаушысы Alitalia компаниясының қызметкерлері қатысты. Олар биліктен дағдарыс жағдайында салаға қолдау көрсетіп, қызметкерлердің жұмыспен қамтылуына кепілдік беруді талап етіп жатыр. Ал ереуіл кесірінен жолдан қалған жолаушыларға басқа уақытта ұшу немесе қаржылай өтемақы ұсынылды. Осы категория бойынша: « Бакуде сауда орталығы өртеніп жатыр Венесуэла халқы қайта жарықсыз қалды».
Дереккөз: 24.kz