Атырау, 28 қараша 12:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп армияға бөлінген қаражатты шекара қорғанына жұмсамақ

1 829 просмотра


АҚШ Конгресі Мексика шекарасына қорған тұрғызу жобасына бюджеттен қаржы босатудан бас тартқаннан кейін, президент Трамп шекара дуалын тұрғызуға бас жолмен қаржы тапты. Енді аталған жобаға Пентагонның 1 млрд доллар қаржы аударатыны мәлім болды. 

Сонымен Трамп билігі армияға бөлінген қаражатқа 91 шақырымға созылатын, биіктігі 5 метрден асатын темір бөгеттерді орнатпақ. Сондай-ақ, бұл қаржымен шекара өңірдегі жолдарды да жөндемек. Бірақ, Трмптың бұл әрекетін Демократиялық партия бірден сынға алды. Олар Пентагонға қарасты лауазымдылардың рұқсатынсыз, қаржыны басқа жаққа аударып жатқанын айыптайды. Трамп президент болудан бұрын және кейін де «Заңсыз мигранттар – ұлттық дағдарыс» ұранын көтеріп, америкалықтардың заңсыз мигранттардан жапа шегіп жатқанын талай мәрте айтқан. Әрі, бұл дағдарысты шешу үшін 320 3200 шақырымға созылатын АҚШ-Мексика шекарасына «қорған» тұрғызу идеясын ортаға қойған. Ол бұл идеясын екі жылдан бері белсенді түрде қорғап келеді. Трамптың саяси қарсылас сыншылары оны ешбір фактіге жүгінбестен, шекара дағдарысын қолдан жасады деп сынға алуда. Конгресс болса заңсыз көші-қонды «шекара қорғанынан» басқа жолдармен де шешуге болады деп қарайды. Шын мәнісінде президент Трамп аталған жобаға 5,7 млрд АҚШ долларын бөлуді талап еткен еді. Биыл 15 ақпанда Конгресте демократтар бұл қаржыны бөлуден бас тартты. Трамп та тиісінше өзгеше жағдай жариялады. Мәселені Құрама Штаттардың заңына сәйкес талаушылардың айтуынша, соғыс немесе қажетті төтенше жағдай кезінде президенттің армияға шекара дуалын тұрғызуға бұйрық берудей құзыреті бар. Демек, мұндай жағдайда Конгрестің рұқсатынсыз-ақ  шекара қорғаны тұрғызылуы мүмкін. Демократтар Трамптың бұл әрекеті АҚШ Конституциясына қайшы келетінін айтуда. Өткен айда Сенат президенттің төтенше жағдай жариялау шешімін жоққа шығарды. Трамп өз құқығын пайдаланып, Сенаттың бұл шешіміне де вето қойды. Сарапшылардың айтуынша, енді тек Конгрестің үштен екісі президент шешіміне қарсы дауыс бергенде ғана Пентагон қаржысы өз орнында қалмақ.

Дерекккөз: qazaqtimes.com

 

26 наурыз 2019, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.