Беларусь астанасында жаппай ұсталулар мен тұтқындаулар болды
2 153 рет қаралды
Фото: korrespondent.net
Беларусь астанасында жаппай ұсталулар мен тұтқындаулар болды. Наурыз айының 25-і күні Минск қаласында Беларусь Халықтық Республикасының құрылғанына 101 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бостандық күні» шарасында милиция бірқатар саясаткерлер мен өнер адамдарын ұстады.
Олардың арасында Бірлескен азаматтық партиясының төрағасы Николай Козлов, Беларусь христиандар демократиясы партиясының тең төрағасы Виталий Рымашевский және Дмитрий Войтюшкевич, Павел Аракелян, Игор Ворошкевич сияқты өнер адамдары бар.