Палестина билік өкілдерінің айтуынша, бітім Египеттің араға түсуінің арқасында ғана жүзеге асты. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны әзірше белгісіз.
Ал жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, уағдаластыққа келгеннен кейін көп ұзамай Израиль аумағында қауіп-қатердің дабылы қайта естілді.
Естеріңізге салайық, шекарадағы қақтығыстарға байланысты Израиль мен Палестинаның арасы соңғы жылы қатты ушығып кеткен. Жуырда Газа секторынан атылған зымыран Тель-Авив маңындағы үйлердің біріне түсіп, жеті адам зардап шекті. Оның үшеуі бала болды.
Дереккөз: 24.kz