Атырау, 28 қараша 13:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Норвегия жағалауында саяхат кемесінен адамдар құтқарылып жатыр

1 321 просмотра


Норвегияның батыс жағалауында апатқа ұшыраған круиздік кемеден 1 мың 300 жолаушы эвакуацияланып жатыр. 

Жергіліктің биліктің мәліметінше, «Викинг-Скай» кемесінің қозғалытқышы істен шыққан. Кемедегі адамдар жағалауға жеткізілуде. Эвакуациялауға бес тікұшақ пен бірнеше кеме жұмылдырылды. Норвегияның құтқару агенттігі кеме жергілікті уақытпен 14:00-де дабыл белгісін жібергенін хабарлады. Бұл уақытта теңізде қатты жел соғып, үлкен толқындар болған. Лайнер Тромседен Ставангер портына рейспен бет алған екен. Бұл жер Хустадвика деп аталады және Норвегияның ең қауіпті жағалауы саналады. 

Қазір нақтыланбаған мәліметке сәйкес, жағалауға шамамен 100-ге жуық адам ғана жеткізілген. Кеме жағалаудан 5 шақырым жерде тұр. Құтқарушылардың айтуынша, ол зәкір тастаған, сондықтан жағалауға соғылмауы тиіс. Сонымен қатар бір қозғалтқыш іске қосылып қауіпті аздап сейілткен. Жергіліктің биліктің мәліметінше, қазір желдің жылдамдығы секундына 20 метр, ал толқын биіктігі 10 метрге жетеді. Осының салдарынан жергілікті кемелер лайнерге жақын келе алмай отыр. 

Эвакуация тек тікұшақ көмегімен жүргізілуде. Құтқарылғандар жағалаудағы спорт кешеніне және қонақ үйлерге орналастырылды. Еске сала кетсек, мұхитта жүзуге қуаты жеткіліті «Викинг-Скай» круиздік лайнері алғаш 2017 жылы жүзуге аттанды. Кеме 930 жолаушы алып жүре алады. BBC

Дереккөз: 24.kz

24 наурыз 2019, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.