Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы AIBA сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мен AIBA атқарушы комитетінің мүшелерін президент өкілеттігін жүзеге асырудан бас тартуға және міндетін атқарушы етіп ауыстыруға мүмкіндік беретін AIBA жарғысына және заңға тәуелді актілеріне сәйкес AIBA президенті қызметінен кетуді жоспарлағанымды хабардар еттім. Мен атқарушы комитет мүшелерін осы демалыс күндері телеконференцияға бұл мәселені талқылап, президент міндетін атқарушыны сайлау процесіне бастамашылық ету үшін шақырдым", - деді Рахимов.
Ол сондай-ақ, өзіне қарсы жалған айыптарды жоққа шығарып, олар "саяси уәжді өтірікке" негізделгенін мәлімдеді. Рахимов 2018 жылдың қарашасында AIBA басшысы болып сайланған. Оған дейін АҚШ Қаржы министрлігінің шетел активтерін бақылау департаменті Рахимовты санкциялық тізімге енгізген.
Дереккөз: Tengrinews.kz