Атырау, 25 қараша 04:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Запастағы полиция полковнигі жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы болды

2 275 просмотра


19 наурызда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасының жаңа басшысының міндетін атқарушы –құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері, запастағы полковник Есмұхан ҚАЖКЕНОВТІ активке таныстырды.

Ауғанстандағы соғыс ардагері, 1995 жылы Қарағанды университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейінірек Махамбет АІІБ  полиция бөлімінің аға тергеушісі, Атырау облысы бойынша МТК басқармасының тергеушісі, ІІД тергеу басқармасы басшысының орынбасары, кейіннен басшысы болды. 2016 жылы ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен запасқа шығарылды.

Басқарманың негізгі функциясы - әскери басқарманың жергілікті органына олардың жұмысына бейбіт кезде және жұмылдыру жарияланған кезде қолдау көрсету, сонымен қатар, облыс аумағында командалық-штабтық жаттығулар өткізу.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

20 наурыз 2019, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.