Атырау, 25 қараша 04:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индер көпірі "шаршап" тұр

Сурет
3 916 просмотра

Индербор кентіндегі екі жағалауды жалғап тұрған жалғыз көпір 2010 жылы пайдалануға берілген. Бұдан 4 жыл бұрын жаңа Атырау-Индер трассасы салынғаннан кейін бұл көпірге жүктеме көбейіп, бірнеше жерден асфальт жабындысы бұзылған.  

- Оралдан келе жатқан транзиттік ауыр жүк көліктері осы көпір арқылы Атырауға қатынайды. Көпір жабындысын бұзып отырған осылар, - дейді жергілікті жұрт.

Көпір Индербор кенті балансында тұр және күрделі жөндеу әзірге қаралмаған. Ал аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Абзал РАМАЗАНОВ  мамырда кент жолдарын жөндеу басталғанда көпір жабындысын да тегістейміз деп уәде беріп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор   

12 наурыз 2019, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.