Ефрат өзенінің шығысындағы Багуз елді мекенінде АҚШ қолдайтын коалиция жасақтары лаңкестерге қарсы әскери операциясын қайта бастады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, содырлардың үкімет әскеріне өз еркімен беріле алатын мерзімі аяқталды. Атыс-шабыстың кесірінен Багуз қаласы көк түтінге оралды. Естеріңізге салайық, соңғы бірнеше аптада аймақтан 10 мыңға жуық бейбіт тұрғын қауіптен құтқарылды. Қалада әлі де 4 мың әйел мен бала, сонымен қатар шамамен 500 содыр бар. Айта кетейік, Багуз – Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бақылауында қалған соңғы өңір. Оны азат етуде бейбіт тұрғындарға зияны тимеу үшін әскери операция баяу жүріп жатыр.
Дереккөз: 24.kz