Атырау, 28 қараша 15:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Эфиопияда болған әуе апатында БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапты

1 789 просмотра

© REUTERS/Adnan Abidi

БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Эфиопиядағы әуе апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ұшақ бортында БҰҰ-ның 19 қызметкері болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйым сайтына сілтеме жасап. 

"Бас хатшы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, оның ішінде БҰҰ қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ, Эфиопия үкіметі мен халқына шын жүректен көңіл айтады", - делінген БҰҰ басшысының баспасөз хатшысының мәлімдемесінде. 

Қаза тапқан 19 адам БҰҰ мекемелерінің, оның ішінде көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқармасының, БҰҰ қоршаған орта және дүниежүзілік банк бағдарламаларының қызметкерлері болған. 

Еске салсақ, 10 наурызда таңертең Ethiopian Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы эфиопиялық Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта экипаждың сегіз мүшесін қоса алғанда 157 адам болған. Қаза тапқандардың арасында - 35 елдің өкілі бар, олардың үшеуі ресей азаматы. 

Дереккөз: tengrinews.kz

11 наурыз 2019, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.