Эфиопия астанасы Аддис-Абебтан ұшып шыққан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Оның ішінде 157 адам болған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Әуе компания өкілдерінің айтуынша, бортта 149 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған. "Boeing 737 MAX 8 тіркеу нөмірі ET-AVJ сағат 08.38 жергілікті уақытпен Аддис-Абебтегі Боле халықаралық әуежайынан ұшып, сағат 08.44 онымен байланыс жоғалған. Қазіргі уақытта іздеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізде тірі қалған немесе қаза тапқандар жайлы нақты деректер жоқ", - деді Ethiopian Airlines өкілдері. Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али кениялық Найробиге сапар жасамақшы болған Boeing 737 ұшағының апаты жайлы мәлімдеме жасаған. "Премьер-министрдің кеңсесі мен үкіметтің атынан және Эфиопия халқының атынан Boeing 737 Ethiopian Airlines ұшағында қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақпын", - деді премьер-министр в Twitter желісіндегі парақшасында. Қазіргі уақытта қаза тапқан жолаушылардың саны анықталып жатыр.
Дереккөз: tengrinews.kz