Қытай мемлекеттік корпорациясы China Machinery Industry Construction Group Inc Тәжікстанның тоқыма өндірісін дамытуға 300 млн доллар қаржы бөлмекші.
5 наурызда Қытайдың China Machinery Industry Construction Group Inc корпорациясының сауда менеджері Ху Сина басшылығымен қытайлық кәсіпкерлер делегациясы Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда министрі Нематулло Хикматуллозодамен кездесті. Кездесу барысында қытайлық мемлекеттік корпорация мақта талшығын қайта өңдеу үшін тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға «Сино Таджикистан Куляб Текстайл Индастри Парк» кәсіпорнына көмектесетіндігі атап өтті.
Ол екі этаппен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде қаржыландыру 130 млн долларды, ал екінші - 170 млн долларды құрайды. Аталған кәсіпорында 5,5 мың адамды жұмыспен қамтылмақ. Ал, жоспар бойынша, жыл сайынғы мақта өңдеу 35 мың тоннаны құрайды.
Алайда, айта кету керек, Қытай елінің Тәжікстанға инвестиция құйып, несие беруі халықаралық сарапшылардың алаңдаушылығын туғызды. Себебі, 2017 жылғы статистикаға сүйенсек, Тәжікстанға сырттан келген инвестицияның 58 пайызын Қытай құйған. Америкалық сарапшылардың айтуынша, бұл түбінде Қытайдың экономикалық экспансиясына алып келеді және Тәжікстан экономикалық тәуелсіздігінен айырылуы мүмкін.
Дереккөз: qazaqtimes.com