Атырау, 28 қараша 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БАҚ өкілдерінің қызметіне кедергі келтірген шенеуніктер жазаланатын болады

1 433 просмотра


Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Комил Алламжонов БАҚ өкілдеріне тиісті қызмет көрсетпеген өзбек шенеуніктері жазаланатын болады. Бұл туралы 5 наурызда өткен дөңгелек үстелде Өзбек Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Комил Алламжонов айтты.

"Журналистерге тиісті қызмет көрсетпей, оларға қандай да бір кедергі жасаған шенеуніктер жазаға тартылатын болады", - деді ол.

Сондай- ақ, оның айтуынша, өзбек министрліктері мен ведомстволарының баспасөз қызметі дұрыс жұмыс істемейді. "Баспасөз хатшысының лауазымы көптеген адамдарды қызықтырмайды.Сол себепті, министрліктер мен ведомстволардағы бос орындар аз емес. Неліктен? Өйткені, басшылар баспасөз қызметімен санаспайды. Ақпараттық саясатты жүзеге асыруда баспасөз хатшылардың рөлі байқалмайды", - деп атап өтті мекеме басшысы.

Сондай-ақ, Комил Алламжонов Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры ретінде, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын реттеп, оларға «төртінші билік» мәртебесін қайтаруға уәде етті. Айтқандай, көрші мемлекеттегі жағдай қазақстандық БАҚ өкілдеріне де таңсық емес.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

6 наурыз 2019, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.