Атырау, 28 қараша 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Францияда екі күзетшіге пышақ салған тұтқынды ұстау үшін түрмеге шабуыл жасалды

1 341 просмотра


Полицейлер Францияның солтүстік батысындағы (Орн департаменті) Конде-сюр-Сарт елді мекеніндегі  түрмеге шабуыл жасап жатыр. Мұнда тұтқын күзетшілерге пышақ салып, артынша жолығысатын бөлмеге бекінген. 

Бұл туралы BFMTV телеарнасы хабарлады. Телеарнаның деректеріне қарағанда, оқиға орнында жарылған гранатаның  даусы естіліп жатыр. Шабуылға арнайы жасақ бригадасы мен қауіпсіздік және жедел араласу бойынша  өңірлік топ қызметкерлері қатысуда. 

Түрме ғимаратында бірнеше тікұшақ тұр. Олардың бірі  жедел медициналық көмекке арналған. Бұдан бұрын 27 жастағы тұтқын екі бақылаушыны пышақтап, артынша сырттан келген жандармен жолығысу бөлмесіне тығылған. Күзетшінің екеуі де шұғыл ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

RTL радиостанциясының хабарлауынша,  бұл қылмыскер адам ұрлағаны және өлтіргені, сондай-ақ кісі тонағаны, терроризмді ашық ақтағаны үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылған. Францияның әділет министрі Николь Беллубе бұл келеңсіз жағдайды лаңкестік шабуыл деп атады. 

Дереккөз: inform.kz

6 наурыз 2019, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.