Атырау, 28 қараша 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тәжікстандағы ауыс-түйіс: Рахмон «ескі гвардия» өкілдерін отставкаға жіберуде

1 727 просмотра


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы Абдурахим Каххаровты қызметінен алып тастады. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Рахмон Каххаровты зейнетке шығуына байланысты отставкаға жіберген. Оның орнына Махмадали Ватанзоданы тағайындаған. Ватанзода бұған дейін президенттің парламенттегі сенімді өкілі қызметін атқарған. Бұдан бөлек Рахмон өзінің Ұлттық Қауіпсіздік бойынша көмекшісі Шерали Хайруллаевты, президент хатшылығының аға көмекшісі Матлубхон Давлатовты да отставкаға жіберген.

Жалпы, Тәжікстанда кадрлық ауыс-түйістер жыл басынан бері жүруде. Ақпан айында президент жарлығы бойынша, бірқатар ведомства басшылары мен әртүрлі деңгейдегі бас прокуратура қызметкерлері отставкаға жіберілген.

Дереккөз: qazaqtimes.com


5 наурыз 2019, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.