Атырау, 25 қараша 07:14
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теріні сыртқа шығаруға болмайды

2 753 просмотра


Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қалпына келтірілген қағазды, картонды, қағаз макулатуралары мен қалдықтарын, сондай-ақ, өңделмеген мүйізді ірі қараның терісін ҚР аумағынан шығаруға тыйым салу туралы бұйрық шығарды. Көп нәрселерден айырмашылығы, бұл шешім ешқандай келеңсіздік тудырмады.

Мен бір кездері Атырауда қоқысты бөлек жинаумен айналысқан адаммен сөйлестім, қазір ол басқа бизнеске кетіп қалған.

- Оралда қалдықтарды қайта өңдейтін Қазақстан-фин бірлескен кәсіпорны ашылды. Бізде Атырауда арнаулы автобазаны жекешелендірді, қоқыс сұрыптау зауытын ашуды жоспарлап отыр - мұның бәрі өркениетті әлемге қадам басудың баспалдақтары, - дейді сұхбаттасушым. – Қағазды міндетті түрде қайта өңдеу керек, оның үстіне қағаз қаладағы қоқыс орнында өрттің тұтануына себеп болып отыр. Теріні шығаруға салынған тыйым да дұрыс. Бұл қымбат тұратын шикізат ғой. Былғары бұйымдарын өзіміз өндіріп шығарамыз. Қазақстанда бүгінде қалай – малды сояды, ал терісін лақтырып тастайды. Ал бұл дұрыс емес.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 наурыз 2019, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.