Қытайлық Huawei компаниясының қаржы директоры Мэнь Ванчьжоу Канада билігін сотқа берді. Бұл туралы CBC телеарнасы хабарлады.
Арызданушы «Канаданың кеден басқармасы, ұлттық полициясы және Канада билігі конституциялық құқығымды бұзды деп отыр. Арыз Ванкувердегі Жоғары сотқа жолданды. Мэн Ваньчжоу өзінің заңсыз тұтқындалғанын айтып, бұл іске қатысты барлық лауазымды тұлғаларды жазаға тартуды талап еткен.
Сондай-ақ темір торға қамалуына байланысты кеткен шығындардың орнын толтыруды сұрайды. Айта кеткен жөн, бірінші наурыз күні ресми Оттава АҚШ-тың Huawei қаржы директорын экстрадициялау өтінішін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. Канада Әділет министрлігінің ақпарына сай бұл іске қатысты сот 6 наурыз күні өтеді.
Дереккөз: 24.kz