Атырау, 25 қараша 06:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шіріген жұмыртқа иісі азая ма?

2 637 просмотра


«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында Атырауда ауаның күкіртсутегімен жоғары ластану деңгейі тіркелді. Газ шабуылдары 17-21 қаңтарда №104 «Вест Ойл» ауа сапасы мониторингі станциясында тіркелді. Сыртқы ауадағы улы газдың мөлшері 14-тен 25 есеге дейін шекті рұқсат етілген концентрациядан асып түсті. Газ «шабуылдарының» көзі - Сасықсай деп танылды.

Ал облыс билігі осы жылдың екінші жартысында ескі булану алаңдарының проблемасын шешуге уәде беріп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Атырау қаласының сол жағалауында кәріз суын тазарту қондырғылары салынып жатқан алаңға барған кезде хабарлады.

Бас мердігер - «Павлодар өзен порты» АҚ. Құрылыс өткен жылдың қараша айында басталды, жұмыстар кестеден бұрын жүргізілуде. Кейіннен нысан «Атырау Cу Арнасы» балансына беріледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 наурыз 2019, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.