Атырау, 25 қараша 06:57
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақша алу үшін ауданға ағыламыз

1 888 просмотра


57 мың тұрғыны бар Құрманғазы ауданында тек үш банкомат жұмыс істейді. Тұрғындар еңбекақы, түрлі жәрдемақы, зейнетақыларын алу үшін аудан орталығына қарай ағылады. Олар бұл мәселе жөнінде билікке бірнеше рет шағымданған. Бірақ бұл мәселенің шешімі табылмай тұр. 

- Еңбекақы, зейнетақымызды алу үшін аудан орталығына бүкіл ауыл болып баруымызға тура келеді. Әр ауылға неге банкомат қоймайды, - дейді ауыл тұрғындары.

- Жасыратыны жоқ, түрлі жәрдемақы, еңбекақы, зейнетақы берілген кезде аудан орталығындағы  банкомат кезегінде кісі көп болады. Сондықтан аудан орталығындағы қауіпсіздігі толық сақталған әкімдік, мәслихат ғимараттарының алдынан қосымша банкомат ашу үшін екінші деңгейлі банктерге ұсыныс беріп жатырмыз, барлығы қауіпсіздікке келіп тіреліп тұр, - дейді Құрманғазы округі әкімінің орынбасары Өркен ТӘЖІБАЕВ.  – Наурыз айының аяғына дейін Ақкөл ауылындағы теміржол вокзалының ішіне бір банкомат қоямыз. Ол үшін вокзалға камера қондырылды. Ал Котяевкадағы шекарашылар ғимаратынан банкомат ашу үшін келісімге келіп жатырмыз, бұл бағытта жұмыстар қолға алынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

4 наурыз 2019, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.