Атырау, 28 қараша 15:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәскеу билігі азаматтарды ұялы телефоны арқылы бақылай алады

1 812 просмотра


Мәскеу билігінің азаматтар қайда тұратынын, қайда жұмыс істейтінін, қандай көлікпен қатынап, қашан және қайда баратынын дөп басып айтуға техникалық мүмкіндігі бар.

"Ведомости" газетінің жазуынша, мәскеуліктердің телефонындағы сим-картасының қозғалысына негізделген географиялық аналитиканы билік 2015 жылдан бері байланыс операторларынан сатып ала бастаған. Төрт жылда осы мақсатта бюджеттен 516 млн рубль (7,8 млн доллар) жұмсалған.Деректер Ресей үкіметі жанынан құрылған аналитикалық орталықта сақталып, өңделеді. Орталық өкілінің сөзінше, статистикалық деректердің нақты кімге қатысты екені көрсетілмейді.

Алайда бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеру мүмкін емес. Ұялы байланыс операторларының өкілдері билікке мұндай ақпарат беретінін растайды. Бірақ, олардың айтуынша, "Мәскеу билігі мұны қоғамдық көліктер маршрутын жақсырақ жоспарлау үшін пайдаланады".

Азаматтардың жүріп-тұрғанына жүргізілген геосараптама Мәскеу мэрін сайлау кезінде учаскелерді жоспарлауда қолданылған болуы мүмкін. The Bell басылымының тұжырымына қатысты Мәскеу мэриясы ешбір пікір айтпаған.

Шенеуніктер бұл ақпаратқа қарап, телефон қолданатын қанша адам белгілі бір аумақта жұмыс істейтінін не сонда тұратынын біле алады. Деректерді өңдеп, қаладағы пойыздардың жүрген уақытын да анықтауға болады. Негізінен мұндай деректерді аналитикалық, жобалық қана емес, коммерциялық, саяси мақсатта да қолдануға болады.

Дереккөз: azattyq.org

 

4 наурыз 2019, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.