Атырауда прокурорлық қадағалау шараларымен Жұмыспен қамту орталығы арқылы қоғамдық жұмыстарға орналасқан жандарға 32 млн теңгеден астам сомада бережақ өтелді.
- Атырау облыстық прокуратурасының еңбек заңнамасының сақталуына қатысты жүргізген мониторингісі нәтижесінде қалалық Жұмыспен қамту орталығының 617 қызметкерге 32,6 млн теңге көлемінде бережақ екені белгілі болды. Бұдан басқа, 8,1 млн теңге сомасында міндетті әлеуметтік жарналардың уақытында аударылмау фактісі анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды, бережақ сомасы толықтай өтелді, - деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасы.
Фархат ӘБІЛОВ