Атырау, 25 қараша 07:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұз астынан өлі балықтар шығып жатыр

Бейнежазба
2 976 просмотра


Жайықтың мұзы ери бастады. Мұз астынан қалқып шығып жатқан өлі балықтар бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналды. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазбалардың ішінен 3 наурызда Махамбет ауданының Бугорки саяжай массивінің маңында түсірілген осы бейнежазба көңілімді аударды. Көксерке, мөңке, қаракөз, айнамкөз балықтары... шіріп кеткен.

Өткен жылдың желтоқсанындағы Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін тергеу үшін жаңа жылдан кейін арнайы құрылған облыстық әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясы баспасөзбен бірде-бір рет кездеспеді. Шенеуніктер тергеу жұмыстарын ҚР ІІМ арнайы тобының жүргізіп жатқандығына сілтеді. ІІМ баспасөз қызметі де тергеу құпиясына сілтеп, біздің редакцияның сауалына жауап беруден бас тартты.

Ақпанда гидрометеорологтар ҚР Энергетика министрлігінің тапсырмасымен Жайық өзеніндегі суды 47 ингредиент бойынша бақылап зерттеу жұмыстарын жүргізді. Интернетте жарияланған есептерге сүйенсек, өзеннің ластану іздерін олар да таппаған. 

Ал Бугоркиден жаппай қырылған балықтардың табылуы көп нәрсені өзгертеді. Махамбет ауданында және Жайық өзенінің жоғарғы ағысындағы Атырау облысының аумағында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ. Ал енді өткен жылғы желтоқсанда гидрометеорологтар жариялаған Жайық өзеніндегі су сапасын зерттеу мәліметтеріне көз жүгіртейік. Жайық өзені: хлоридтер – 1,2 шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК), мыс – 1,7 ШРК. Жайық өзенінің тармақтары: Шаған өзені– темір 1,2 ШРК, Деркөл - нитритті азот 1,1 ШРК, Елек өзені - тұзды аммоний - 3 ШРК, хром (6-валентті) - 7 ШРК. Мүмкін, Жайық балығы Електің 6 валентті хромымен улануы мүмкін деген нұсқаны қарастыру керек шығар? 


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 наурыз 2019, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.