Атырау, 25 қараша 06:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жасыл-желекпен айналысатын кез келді

2 068 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

2019 жылы мұнай астанасын көгалдандыру жұмыстарына тендер жариялаудың орнына жұмыстарды мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) аясында ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл деген не? Конкурс өткізіліп, оған қоғамдық мүгедектер бірлестігінен басқа (оларға әдетте заңға сәйкес басымдық беріледі) жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, заңды тұлғалар, тіпті, консорциумдар да қатыса алады. Бұл жұмыстар 2023 жылға дейін осылай жалғаса береді.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВТЫҢ айтуынша, МЖӘ жобасының құны әзірге белгісіз, қаланы абаттандыру мен көгалдандыру тұжырымдамасы да әзірленіп жатыр. Демек, бұл көгалдандыру маусымы тағы да кешігіп басталады деген сөз бе? Солай шығар. Алайда конкурсты ұйымдастырушы – «Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» жұмыстарды сәуір-мамыр айларынан кешіктірмей бастау жоспарланып отырғандығына сендірді.

Айта кету керек, өткен жылы Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ облыс орталығының «эстетикаға сай емес» безендірілгенін сынаған болатын. Көпірдегі ыдысқа отырғызылған гүлдер, алып қызғалдақтар мен басқа да талғамсыз нәрселер есіңізде ме? Егер биыл қала басшысының қалауы ескерілсе, Атырау өз тұрғындары мен меймандарын талғаммен таңдалған шағын сәулет нысандарымен, жаңа декор идеяларымен, тіпті, әдемі пішіндермен қырқылған ағаштарымен қуантпақ.

Сол кеңесте жыл сайын жаз басталарда бүкіл жапырақты жалмап тастайтын жапырақжегілерге қатысты проблеманы шешуге бұйрық берілді. Не болатынын көреміз енді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

4 наурыз 2019, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.