Украинадағы Олевск қаласының мэрі Олег Омельчук өзіне қарсы наразылық акциясына қатысты. Оның суретін ITC.ua порталының бас редакторы Тарас Олейник Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Олевск қаласының мэрі өзіне қарсы митингке келді. Оны ешкім танымады. Мэр - 80-ші деңгейдегі тролль", - деп жазған Олейник. Олег Омельчук жергілікті мэрияның алдында пикетке шыққан топпен суретке түсуге келісті.
Мер Олевська прийшов на мітинг проти себе. Мера ніхто не впізнав. Мер - троль 80 рівня. pic.twitter.com/xbtSFRN4RK
— Тарас (@tarasmi) 2 марта 2019 г.
"Ол келісті, одан плакат ұстап тұруды сұраған. Бірақ шынына келгенде, ондағы жазуды суретке түскеннен кейін ғана оқыған", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында "Стоп коррупции" басылымының тілшісі Александр Игнатьев.
Дереккөз: tengrinews.kz