Сенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар провинциясында су тасқынынан кемінде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестіру басқармасының мәліметтеріне сілтемемен AFP хабарлайды.
Тасқын салдарынан Қандағар қаласы мен оның маңайындағы аудандар судың астында қалды. «Кем дегенде 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оның ішінде балалар да бар. Апат аймақтарында 2 мыңға жуық үйге зақым келген. Соның ішінде Қандағар қаласының инфрақұрылымына едәуір соққы тиді», - делінген ұйым таратқан мәлімдемеде. Қандағар провинциясы губернаторының орынбасары Абдул Хананан Монибтің айтуынша, бұл соңғы жеті жылдың ішіндегі ең жойқын тасқын. «Жұма күні басталған апат аймақтарындағы 400 отбасына әскерилер көмек көрсетті», - деді ол.
Дереккөз: inform.kz