Атырау, 28 қараша 18:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

NASA ұшырған аппарат алғаш рет Марсты бұрғылады

1 752 просмотра


«Mars InSight» зонды тұңғыш рет Марс ғаламшарының топырағын бұрғылады. Бұл туралы Германияның авиация және гарыш орталығына (DLR) сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

4 сағатта ол төрт мың соққы жасап, 18-50 сантиметрге тереңдеді. Болжам бойынша бұрғылау қондырғысы тасқа тиіп, 15 градусқа бағытын бұрған және тасты орнынан қозғалтып жіберген немесе онымен енді жанаспаған. Қазір InSight салқындап жатыр, осыдан соң тағы да 4 сағаттық екінші кезең басталады. Бұрғылау мақсаты 3-5 метрге дейін үңгілеу. Бұл Қызыл ғаламшардың қойнауынан шығатын жылу ағынын есептеу үшін 14 температуралық датчигі бар желі өткізуге мүмкіндік береді.

 NASA-ның «Mars InSight» зонды 2018 жылдың мамыр айында іске қосылған. Қарашада ол Марсқа, Элизий тауының аумағына қонды. Сол кезде зонд Қызыл ғаламшардың бетінен алғашқы фотосуретті жіберген болатын. Ал желтоқсанда желдің гуілін жазып алды.

Дереккөз: inform.kz

3 наурыз 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.