Атырау, 28 қараша 18:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ Мадуро билігіне қарсы тағы санкциялар салды

1 528 просмотра


Вашингтон бұл жолы Венесуэланың 49 шенеунігі мен олардың отбасы мүшелерінің визасын жойды. 

Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл тұлғалар елде адам құқықтарын бұзып, сыбайлас жемқорлықпен айналысқан. 

Еске сала кетейік, Венесуэлада саяси толқулар қаңтар айында басталған. Ұлттық ассамблея басшысы болған оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо өзін уақытша президент деп жариялап, оны көптеген мемлекет қолдады. 

Алайда Николас Мадуро бұл АҚШ арандатушылығы деп, халықтың наразылығын күшпен басуға тырысуда. Билік шетелдерден жіберілген гуманитарлық көмекті ел аумағына кіргізбей отыр. Көрші елдермен шекараларда бірнеше қақтығыс орын алды.

Дереккөз: 24 кз

3 наурыз 2019, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.