Атырау, 28 қараша 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Алжир халқы президент Бутефликаның ел басқаруына қарсы

1 672 просмотра


Алжир астанасында билікке қарсы жаппай наразлық шеруі өтіп, 4 адам қаза тапты. Халық президент Абдельазиз Бутефликаның 5-рет сайлауға түсуіне қарсы.

Бейбіт басталған шеру тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, 63 адам жарақат алды. Олардың көбі полицейлер. Ал шерушілер денсаулығы сыр берген 81 жастағы Бутефлика ел басқаруға қауқарсыз деген пікірде. Айта кетейік, ақпан айында президент Бутефлика сайлауға үміткер ретінде тіркелген болатын.

Бірақ халық осыдан бес жыл бұрын инсульт алып, арбаға таңылған оның ел басқара алатынына күмәнмен қарайды. Сондықтан саяси додадан бас тартуын сұрап отыр. Ал сайлау 18 сәуірге белгіленген.

Дереккөз: 24.kz

2 наурыз 2019, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.