Атырау, 28 қараша 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Лукашенко президенттік және парламенттік сайлау өткізуге қатысты пікір білдірді

2 058 просмотра


Беларусь президенті Александр Лукашенко елде парламенттік және президенттік сайлау өткізу мерзімін әлі талқыламағанын айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Барлығы конституцияға сәйкес болады. Таяудағы екі жылда осы кампанияларды өткіземіз (парламенттік және президенттік сайлаулар). Нақты қай күні өткіземіз? Ол жайлы әлі ақылдасамыз. Шынымды айтайын, бұл мәселені әлі ешкіммен талқылаған жоқпын", - деді Лукашенко БАҚ өкілдерімен кездесу барысында. 

Беларусь президенті екі сайлаудың да белгіленген уақытта өтетінін айтты. "Кейбір оппозициялық БАҚ-тар мезгілінен бұрын өткізеді деп жатыр. Ант беремін: жағдай қиын болса да, қоғамның пікірі арқылы айла-шарғы жасамаймын. Оның маған керегі жоқ. Билікке тойдым", - деді Беларусь президенті. 

Лукашенко сайлаудың қашан өтетін жайлы шешімнің наурыз-сәуір айында қабылданатынын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

1 наурыз 2019, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.