Атырау, 28 қараша 18:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Эстония интернет арқылы сайлау өткізуден рекорд орнатты

1 387 просмотра

Әлемге интернет арқылы дауыс берудің жалпыұлттық жүйесін жасаған алғашқы ел ретінде танылған Эстониядағы парламент сайлауында жеке компьютер арқылы дауыс бергендер 25 пайыздан асып, рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 

Эстония республикалық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, парламент сайлауына интернет арқылы алдын ала дауыс бергендер саны 247 мың 232 болған. 

Ал жалпы сайлаушылардың саны 900 мың шамасында. Дәстүрлі сайлау 3 наурыз күні өтеді. Эстония азаматтары кез келген компьютерден дауыс бере алады. 

Ол үшін арнайы чип орнатылған куәлік немесе Mobiil-ID виртуалдық цифрлық куәлігі және арнаулы бағдарламалық жасақтама болса жеткілікті. Айта кетейік, интернет арқылы дауыс беру тәжірибесін Эстония әлемде алғаш рет 2005 жылы енгізген. 

Дереккөз: inform.kz

1 наурыз 2019, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.