Атырау, 28 қараша 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп пен Ким «конструктивті диалогты» жалғастыруға келісті

1 731 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Вьетнамдағы екінші саммит аясында көтерілген мәселелерді шешу мақсатында «конструктивті диалогты» жалғастыруға келісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Пхеньянның ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Ханойдағы келіссөздер Трамп және Кимнің жазбаша келісіміне қол қоюсыз аяқталған соң, ертеңіне осындай ақпарат таратылған. 

«Тараптар Корей түбегін ядро қаруынан босату және КХДР және АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды алдағы уақытта дамыту, сондай-ақ Ханойдағы саммитте талқыланған мәселелерді реттеу үшін конструктивті диалогты жалғастыру мәселелерінде бір-бірімен байланыс орнатуға келісті», - делінген хабарламада. 

Солтүстік Корея басшысы Трампқа табысты кездесулер мен келіссөздерді өткізуге күш салатынын айтып, «келесі кездесуді өткізуге» уәдесін берген. 

Екі күнге созылған келіссөздерден кейін АҚШ президенті Пхеньян тарапы Вашингтоннан санкцияларды «толығымен» жоюды талап еткенін, бұл талапты қабылдай алмайтынын жеткізді. 

Солтүстік Корея билігі артынша бұл мәлімдемені жоққа шығарып, санкцияларды ішінара жеңілдетуді, оның есесіне Йонбёндегі негізгі ядро кешенін бұзатынын ұсынғанын хабарлады.

Дереккөз: inform.kz

1 наурыз 2019, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.