Атырау, 28 қараша 19:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​АҚШ Усама бен Ладеннің ұлы жайлы мәлімет бергендерге сыйақы жариялады

1 951 просмотра


АҚШ "әл-Каида" лаңкестік ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладен жайлы мәлімет бергендерге миллион долларға дейін сыйақы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің сайтында айтылады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол 2015 жылдың тамыз айынан бастап өзінің ізбасарларын АҚШ-қа және батыстағы елдерге шабуыл жасауға шақырып, Интернетте аудио және видеохабарламалар таратқан", - делінген сайтта. 

Америкалық дереккөздің мәліметінше, Хамза бен Ладен әкесінің өлімі үшін кек аламын деп қорқытқан. Мемлекеттік департаменттегілердің айтуынша, Хамза бен Ладен "Әл-Каида" лаңкестік ұйымына 2015 жылы ресми түрде кірген. 

Ал РИА Новости мәліметінше, ол қазіргі уақытта Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында немесе Иранда жасырынып жүруі мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 наурыз 2019, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.