Атырау, 19 желтоқсан 16:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

АҚШ-та президенттікке таласқандар саны артты

1 525 рет қаралды


АҚШ-та президенттікке таласқандар саны артты деп хабарлайды Washington Post. Қазірдің өзінде жиырмадан астам адам президенттікке кандидатурасын ұсынған. 

Мәселен, демократиялық партиядан жазушы Марианна Уильямсон, сена­торлар Кори Букер, Берни Сандерс, Камала Харрис, Өкілдер палата­сының мүшелері Тулси Габ­бард, Джон Делейни, экс-министр Хулиан Кастро ел басқаруға үмітті. Ал республикашылар партиясынан қазіргі президент Дональд Трамп, экс-сенаторлар Боб Коркер мен Джефф Флэйк, 1989-1993 жылдары АҚШ вице-президенті аппа­раты­ның басшысы болған Уи­льям Кристол және өзге де бес үміткер бар.

Аталған екі ірі топтан бөлек, 1971 жылы құры­лған Америкадағы үшінші сая­си ұйым, яғни Либертариан партиясы да  өз үміткерлерін ұсынып отыр. Сарапшылардың болжауынша, Дональд Трамп пен губернатор Уильям Уэлд президент болуға басты үміткерлер қатарында. 

Айта кетейік, Құрама Штаттарындағы кезекті президенттік сайлау 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді. Ал қазір ел басқарып отырған Дональд Трамп – АҚШ-тың 45-ші президенті.

Дереккөз: qazaqtimes.com

26 ақпан 2019, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.