Атырау, 28 қараша 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлыбританияны кезекті референдум күтіп тұр

947 просмотра
Фото: https://bbc.co.uk

 Ұлыбритания Лейбористік партиясының көшбасшысы Джереми Корбин Brexit жоспарына қатысты екінші референдум өткізуге қатысты қолдау білдірді. 

Осы уақытқа дейін кезекті референдумға түбегейлі қарсылық білдіріп келген Корбин елдегі парламент мүшелерінің қызметтен бас тартуын тоқтату үшін осындай қадамға барған. «Times» басылымының мәліметінше, британиялықтардың басым бөлігі жаңадан құрылған Тәуелсіз парламентарийлер тобына қолдау білдіргендіктен, Лейбористік партияға деген сенім көрсеткіші азайған.

Сол себепті Корбин Brexit-ті қайта қарау мақсатында референдум өткізу керектігін айтты. Алдағы уақытта ел премьер-министрі Тереза Мэй жоспарына қатысты сенімсіздік вотуымы жариялануы мүмкін. Бұған Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуына арналған келісімдегі шарттар ішкі-сыртқы миграция, шекара мәселесіне байланысты қайшылық тудыруы және халық талабына сай болмауы себеп болған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

26 ақпан 2019, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.