АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесу үшін Вьетнам астанасы Ханойға аттанды.
Ақ үй қожайынының ұшағы Вашингтон маңындағы Эндрюс әуе базасынан ұшып шықты. 2 күндік саммит ертең басталады. Күн тәртібінде – Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақтан бас тартуы және Корей түбегін жойқын қарудан азат аймақ ету мәселері. Қос елдің басшысы өткен жылы Сингапурда кездесіп, бірлескен мәлімдеме жасаған.
Бірақ Солтүстік Корея осы кездесуден соң зымырандарды сынауын тоқтатқанмен, өзіне алған басқа да уәделерін орындамаған. Енді тараптар өткен саммит шарттарының жүзеге асу барысы мен аймақтағы қауіпсіздік мәселесін кеңінен талқыламақ.
Дереккөз: 24.kz