2018 жылдың тамызында Египетте ұсталған ингушетиялық төрт студентке экстремизм бойынша айып тағылуда. Бұл туралы осы елдің басшысы Юнус-Бек Евкуров мәлім етті.
«Біздің жігіттерге тағылған негізгі айып – экстремизм. Төрт студент те ата-анасына еш хабарламастан Египетке діни білім алу үшін кеткен. Оларға білім берген мешіттерде экстремизмнің болғаны анықталып отыр»,- деді ол.
Евкуровтың айтуынша, билік ұсталғандарды елге қайтару үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда.
«Оларға елге оралғанның өзінде арнайы қызмет өкілдері олардың Египетке не үшін барғанын, қандай мақсаттары болғанын және кімдермен байланысқанын анықтайтын болады»,-деді ол.
Сондай-ақ, тағы бір адамның тағдыры белгісі күйде қалып отырғаны айтылады. Ол ұсталғандарды өз апанына түсірген кісі жинаушы болуы мүмкін.
«Біз қазір жоғалып кеткен бесінші адам жайлы мәлімет жинаудамыз. Дугиев дейтін адамның ортасына түскенне кейін бұл жігіттер жоғалып кеткен. Біздің білуімізше Дугиевті бірнеше елдің арнайы жасағы көп уақыттан бері бақылауына алған»,-дейді Евкуров.
Дерерккөз: baq.kz